26 қазанда сағат 13.00-де Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Халықаралық бокс ассоциациясының (АИБА) президенті Чинг-Куо Вумен (Dr. Ching-Kuo Wu, AIBA President) әлем біріншілігінің аяқталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
 

 

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2013 БЕЙНАЖАЗБАСЫН МҰНДА КӨРУГЕ БОЛАДЫ

 

2013 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ФОТОСУРЕТТЕРІН ЖҮКТЕУ

Құрметті достар!

 

Қонақжай қазақ жеріне келгенӘлем чемпионатының қатысушылары мен қонақтарын шын жүректен құттықтаймын! 

 

Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионаты әлем боксының тарихында таңба болып қалмақшы, өйткені АИБА жаңа ережелері – қорғаныш бас киімінсіз өтетін бокс – бұл спорттың танымал түрін дамытып, тарихтың жаңа бетін ашады.  

 

Бокстан әлем чемпионаты –бұл тәуелсіз Қазақстанның әлемдік спорт алаңында қол жеткізген жетістіктерінің бірі, және де біздің еліміз заңды түрде әлем біріншілігін қабылдады. Қазақстандық боксшылар үнемі жоғары нәтиежелер көрсетіп келеді. Егеменді ел болған жылдары олар барлық Олимпиада ойындарында құрмет тұғырының жоғарғы баспалдағына шығып, үш рет әуесқой бокстан беделді олжа - Вэла Баркер Кубогіне ие болды, қазақстандық бокс мектебі әлемдегі мықтылардың бірі екенін дәлелдеді.

 

Есте қалаларлық оқиға – бұл әлем біріншілігінің Қазақстан боксының жүйелі дамуына 80-жыл толуы тұспа тұс келіп отыр, 1933 жылы біздің елімізде спорттың осы түріне алғашқы секциялар ашыла бастаған.

 

Әлем чемпионатының аясында АИБА Бүкіләлемдік бокс Академиясының ашуылуы болады. Әлемде жоқ осындайоқыту-спорт кешені ұлттық құрамалар – АИБА мүшелері үшін шеберлікті дамытудың мамандандырылған орталығы. Спортшылардың, олармен бірге жаттықтырушылар, төрешілер, дәрігерлер, спорт менеджерлері мен әкімгерлердің дамуына арналған заманауи оқу базасымен және бағдарламаларымен қамтамасыз етілген – академия бокстың дамуы мен алға жылжуының басты құралы.

 

Осы чемпионатты өткізу Қазақстанға сеніп тапсырылғанын біз мақтан етеміз. Бізге зор құрмет көрсетіліп, үлкен жауапкершілік артылып отыр, біз оны жоғары деңгейде өткізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. 

Біздің елімізде бокс – спорттың ерекше танылған түрі, және біз әлемдік аренада спорттың осы түрін дамытуға мүдделіміз. Осы жағынан алғанда біздің алға қарай ұмтылысымыздың жетістігі айқын АИБА өткізетін курсқа толығымен сай келеді. 

 

Мен Халықаралық бокс ассоциациясының президенті Чинг-Куо Ву мырзаның біздің федерацияға АИБА-ң көрсетіп жатқан қолдауы үшін рахметімді аййтамын. Бірлесіп атқарған жұмысымыздың барысында бізде баянды қарым-қатынас орнап, ол әрі қарай да серпінді дамиды.

 

 

Қазіргі кезде заманауи табысты мемлекеттіңспортинфрақұрылымы жақсы дамыған.Спорт біздің күнделікті өміріміздің ажыратылмас бөлігі, заманауи үйлесімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырушы маңызды көріністің бірі, сонымен бірге әлемдегі ел мен халықты біріктіретін фактор.

 

Қазақстан халқы қашанда қонақжайлық дәстүрімен ерекшеленеді, спорттың осындай қайратты түрінің өкілдерін қабылдау біз үшін бақыт.

 

Сіздерді Алматыда өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының ашылуымен құттықтаймын!  

 

Барлық қатысушыларға спорттық табыс, адал және ымырасыз күрес тілеймін!

 

 

Т. А. Құлыбаев,

АИБА вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті

  •  Иван Дычко – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Финалда әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовпен бақ таластырған Иванға Қазақстан құрамысына тағы да бір алтын әкелуге бар болғаны екі минут жетпей қалды. 
  •  Әділбек Ниязымбетов ақтық мәреде Кубалық Хулио Ла Крустан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Есе қайтарылмады. Ақтық айқаста бірір бірі жақсы білетін, екі боксшы да өз тәсілдерімен жұмыс істеді, сақтықпен әрекет етті.
  •  Жәнібек Әлімханұлы 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды, ол Қазақстан құрамасының қоржынын әлем біріншілігінің төртінші алтын медалімен толтырды!
  • Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық командасы 2013 жылғы әлем біріншілігінде алдына қойған мақсатына жету үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Нәтижеге барлығы жауапты болса да, команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов - екі есе жауапкершілік алып отыр, құраманың тәлімгері өз қарамағындағыларға сеніммен қарайды.
  • Бес жыл бойына Данияр Елеусінов Қазақстанның көп үміт күттіретін боксшыларының бірі. 2008 жылы Жастар арасындағы әлем чемпионатында «күміс» медаль алып, кейіннен ересектер қатарында – табысты өмір бастады. Әзірше Данияр маңызды олжасына Азия чепионатында қолы жетті. Қазіргі күні құраманың капитаны Алматыда қазанда өтетн әлем чемпионатына дайындық үстінде, мұнда ол өзінің жеңіске деген географиясын кеңейтпекші.
Әлем чемпионатының бас демеушілері






Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru