Алматы туралы
АЛМАТЫ - Қазақстанның мəдени, тарихи және қаржы-экономикалық ірі және басты орталығы. Қаланың аумағы шамамен 340 ш.км құрайды, халық саны – әртүрлі ұлттардан тұратын 1,6 млн адамнан құралған.
 
 
Бұрын Алматы Қазақстан Республикасының астанасы мәртебесін иеленген болатын, мәртебесін өзгерткеннен соң (1997 жыл) бейресми түрде Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деп аталады. Қаланың атауы қазақ тілінен аударғанда «Яблоневое» мағынасын береді. Өйткені Алматыны алма бақтары қоршап жатыр. Қазір де алма қаланың белгісі болып есептеледі.  
 
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Іле Алатауының баурайында - Тянь-Шань тауының солтүстік жотасында, теңіз деңгейінен 600 – 900 мер биіктікте орналасқан. Алматының маңайындағы таулар Орта Азияның көркі болып табылады. Қай жағына қарасаң да, айналасында заңғар таулар мен әсем Тянь-Шань шыршалары қоршап тұр... 
 
Тау жотасының ұзындығы шамамен 380 шм. Таудың ең биік шыңы тау тізбегінің орталық бөлігінде орналасқан. Жотаның ең биік жері – Талғар шыңы -  5017 метр. Әрине, қаланың осындай ерекше және әдемі орналасуы тау шаңғы демалысын дамытуға әсер етпей қоймайды. Тау шаңғы базасы, биік тауда орналасқан қонақ үйлер, мейрамханалар жыл бойына белсенді демалыстың әуесқойларын қабылдайды. Егер де сіз тауға шыққан болсаңыз, көптеген туристердің ағылуы, тау шыңына шығу, тау өзендерінің ағысы, осының бәрі шынайы құбылыс.Албірден бір танымал және тауда демалу үшін бәрінің сүйікті орны Медеу биік таулы мұз айдыны (теңіз деңгейінен 1700 метр). ТМД елдерінде атағы шыққан мұз айдынында жүзден аса әлемдік рекордтар жасалған.
 
Алматыда көз тартатын тек таулар ғана емес... Қазақстанның «Оңтүстік астанасына» келушілер оның қайталанбас көркіне – жасыл түстеріне, сарқыраған су бұрқағына, түзу және кең көшелеріне, көптеген саябақтары мен гүл бақтарына, бірегей ғимараттары мен имараттарына, керемет қонақжай халқына таңқалмай қоймайды. Нағыз алматылыққа қонақ болсаңыз, міндетті түрде мол дастарханның басында (жайылған дастарқан) отырарыңыз анық, және қазақтардың ұлттық тағамдарымен қоса, өз отандарының дәстүрімен сусындаған, кең байтақ Қазақ жерінде тұрып жатқан басқа халықтардың дайындаған  ұлттық тағамдарынан да ауыз тиесіз.
 
Таудағы белсенді демалыстан басқа, Алматыда мәдени демалыс орталықтары да бар. Қалада көптеген театрлар, кинотеатрлар, мұражайлар, көркемөнер салондары мен галереялар, демалыс саябақтары, аквапарктер, әртүрлі үлттың тағамдарын әзірлейтін мейрамханалар мен басқаларда бар.
 
Алматыда жақсы демалуға тамаша ауа райы да өз үлесін қосады, өйткені «Оңтүстік астанада» бұлыңғыр күндерден шуақты күндер көбірек болады. Иә, қысы да жұмсақ және қарлы емес. Алматы қаласында уақытыңды көңілді өткізуге болады!
Әлем чемпионатының бас демеушілері






Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru