27 Қазан 2013

13:46Данияр Елеусінов – АИБА-ң 2013 жылғы үздік боксшысы Мырзағали Айтжанов – АЙБА-ң 2013 жылғы үздік жаттықтырушысы

 Туған елімізде, өз мінбемізде өткен әлем чемпионаты, еліміз Қазақстан боксының 80-жылдығын тойлауы.... Бұл жауапкершіліктен де жоғары. Жәй ғана әлем біріншілігі емес, одан да анағұрлым артық.

13:42Қазақстан – қоржынында төрт «алтын»

 Иван Дычко – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Финалда әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовпен бақ таластырған Иванға Қазақстан құрамысына тағы да бір алтын әкелуге бар болғаны екі минут жетпей қалды. 

26 Қазан 2013

17:08Әділбек Ниязымбетов – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 Әділбек Ниязымбетов ақтық мәреде Кубалық Хулио Ла Крустан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Есе қайтарылмады. Ақтық айқаста бірір бірі жақсы білетін, екі боксшы да өз тәсілдерімен жұмыс істеді, сақтықпен әрекет етті.

16:30Қазақстанның төртінші алтыны!

 Жәнібек Әлімханұлы 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды, ол Қазақстан құрамасының қоржынын әлем біріншілігінің төртінші алтын медалімен толтырды!

16:19Капитан Қазақстан құрамасына үшінші жеңісті әкелді!

 Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов әлем чемпионатында жеңіске жетіп, елімізге үшінші алтын медаль әкелді!!!

15:52Мерей Ақшалов – әлем чемпионы!

 Қазақстандық боксшы Мерей АҚШАЛОВ 64 кг дейінгі салмақтағы әлем чемпионы атанды және әлем біріншілігінің екінші алтынын жеңіп алды!!!

15:28Кубалық Ласаро Эстрада – екі мәрте әлем чемпионы!

 Ч60 кг дейінгі салмақтағы Кубадан келген Ласаро Эстрада әлем чемпионы атанды, бұл оның әлем чемпионатындағы екінші жеңісі. 

15:20Азербайджандық Чавид Чалабиев – 56 кг дейінгі салмақтағы әлем чемпионы

 56 кг дейінгі салмақ категориясындағы әлем чемпионы Әзірбайжандық Чавид Чалабиев ақтық мәреде қарсыласы Ресейлік Владимир Никитинді басып озды.

14:55Ресейлік Миша Алоян «әлемнің» екінші алтынан алды!

 52 кг дейінгі салмақтағы ресейлік Миша Алоян әлем чемпионы аталды, бұл әлем біріншілігіндегі екінші алтын! 

14:24Біржан ЖАҚЫПОВ – алғашқы әлем чемпионы!

 Қазақстан құрамасының өте тәжірибелі өкілі Біржан Жақыпов бүгін өзінің мансабындағы басты марапатты – әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алды. Спорттағы мансабында боксшымыз асқан шеберлігімен сенімді жол бастап келеді.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
Әлем чемпионатының бас демеушілері






Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru