АЛПЫС ТОҒЫЗЫНШЫ БЕЛЕС
АЛПЫС ТОҒЫЗЫНШЫ БЕЛЕС
Бес жыл бойына Данияр Елеусінов Қазақстанның көп үміт күттіретін боксшыларының бірі. 2008 жылы Жастар арасындағы әлем чемпионатында «күміс» медаль алып, кейіннен ересектер қатарында – табысты өмір бастады. Әзірше Данияр маңызды олжасына Азия чепионатында қолы жетті. Қазіргі күні құраманың капитаны Алматыда қазанда өтетн әлем чемпионатына дайындық үстінде, мұнда ол өзінің жеңіске деген географиясын кеңейтпекші.

БІР СОҚҚЫ, АНГИНА, ЕСКЕ ТҮСІРУ – Сұрақ қалыпты. Қалыңыз қалай? Көңіл-күйіңіз? –Көңіл-күйіміз жақсы, күресуге дайынбыз. Менің ғана емес, командамызбен бірге. – Алматыда өтетін әлем чемпионатынан не күтесіз? – Олимпиададан кейін, ширек финалда жеңіліс тапқаннан соң, мен Азиядағы өз салмағымның жәй мықтысы емес екенімді дәлелдегім келеді. Ендігі міндетім әлемді таңқалдыру. – 2010 жылғы Азиада да сіз рекорд орнаттыңыз: айқаста бір ғана соққы бердіңіз. – Бұл менің мансабымдағы ең үздік жарыс. Мен Азиядаға жаұсы дайындықпен келдім, жаман бокстаспадым. Ал сол жіберіп алған соққы финалда келді. Бірақ сол тигізу күмәнді болды. Бұл соққыны төрешілер қарсылас-үндіске жаны ашығандарынан есептеген шығар (күледі) деп ойлаймын. – Сіздің сәттіліктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізді алмастырып айта отырайық. Атап айтсақ, 2011 жылғы Бакудегі әлем чемпионаты. Ресми хабарларда сіз жарыстың алдында тұмауратып қалдыңыз, дене қызуыңыз көтеріліп, венгрлік Дьюле Катэден жеңілдіңіз.

– Менде тек ұана тұмау емес, іріңді ангина болды. Онымен мен үш айқасты қткіздім. Екеуін жеңдім. Бұл менің қатем, осындай маңызды жарыста менің ауырып қалуым дұрыс болмады. Өз ісіме, өз денсаулығыма ұқыпты қарауым керек еді, қалыпты тұлғада болу үшін өзіңе қатты қарауың қажет. Енді не істеймін, болары болды. – Бірақ сіз бәрібір рингке шықтыңыз ғой? – Иә мен үш айқасқа дейін шыдадым. Менде дене қызуым 38,5 көтерілді, рингқа шықпас бұрын маған ыстығымды түсіретін дәрі берді, айқастан кейін ғана денем қалыпқа түсті. Ауырған кезде салмақ түсіруге болмайды, бұл жүрекке ауыр тиетінін білемін. Бірақ, шықпай қоюға болмайды, өйткені менің салмағымна еліміздің атынан ешкім шықпас еді. – Олимпиаданың тқртінші ширегін еске түсіресіз бе? – Түсіруге тура келеді. Ойламасам да, менің есіме түсіріп тұрады.

 

– Ол кезде жеңіске жетуге не кедергі болды? – Айқасты басқаша ұйымдастыруға болар еді. Аяғыммен көбірек қозғалып, қарсыласты құлатуға, қарсы шабуыл жасауға болатын еді. Мен аздап сасып қалдым, бірақ айқас барысында нақты соққы бердім деп ойлаймын. Кей кезде италяндыққа соққы бергенім сонша, оның басы жұлына жаздаған тәрізді болды. Мангиакапрада қорған кезде қолғапқа соқтым. Бұл соққылар есепке алынды. Бұл жерде де мен өзім кінәлімін – төрешілерге осындай мүмкіндік бердім. Бірақ өзім ол айқаста жеңілдім деп ойламаймын. – Мен де солай ойлаймын. – Менің қолымды көтермесе, әрі қарай да көп жұмыс істеп, көп соққы беруім керек. «НОКДАУНАН КЕЙІН МЕН ҚАЛАЙ ЕДЕНДЕ ЖАТЫРМЫН» ДЕП ОЙЛАДЫМ» – Жеңіс үшін бәрін жасап, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқаныңыз қалай болды? – Басында ауы болды. Уақыт өткен сайын ұмытылды. Мен өз қателіктерімді талдап, қорытынды шығардым. Жеңілісіме төрешілерді кінәламаймын. Мінді өзімнен іздеймін. – Осы жылы сіз Иорданияда Азия чемпионатын ұтып алдыңыз. – Менде осы жарыстан үлкен әсер алдым. Өз жеңісім үшін емес, біздің барлық командамыз жарысқа түсті. Жеті алтын және бір күміс медаль – бұл айрықша нәтиже. – Құраманың негізгі құрамы жазғы Универсиада өтіп жатқан Қазанға емес, Иорданияға кеткеніне көбі айыптайды. – Біздің қайда баратынымызды, құраманың бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов шешті. Осылайша шешім қабылдағаны дұрыс та еді, өйткені Азия чемпионатына қатысуымыз АИБА-ң әлемдік ретингіндегі біздің ұстанымызға әсер етті. Ал Универсиада нәтижесі есепке алынбады. Рейтингтегі жақсы орын дұрыс жеребе тастауға және жарыстың басында мықты боксшылармен кездесудің болмауына кепілдік береді. – Азия біріншілігінде қандай айқас есіңізде бәрінен бұрын қалды? – Екінші, мен Азия чемпионымен кездескен кезім. Ол тәжірибелі боксшы, Олимпиаданың екі мәрте қатысушысы. Бұл оңай емес, бәсекелестік күрес болды. Айқастан кейін ұанша күшім болса да, мен қатты шаршаппын, өөйткені қарсыласым жоғары қарқынмен күресті. Ең бастысы көп тигізіп, аз жібердім. – Сіздің мансабыңызда қандай жіберілген соққы ең ауыр болды? – 2008 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін Львовқа «тқрттік турниріне» бардық. Екінші айқаста біздің команда украйндықтармен кездесті. Бұл жекпе жекте алаң иелері өлшенуде ешкім көрмеген, менің салмағымдағы жігітті шығарды. Ол боксшы өте денелі, менен ауыр салмақта екені кқрініп тұрды. Басында оның соққысын онша сезе қоймадым, бокстастым, 3:1 есебіне жеткіздім, ал сосын төменгі жағынан ұруға кірістім. Осы сәтте ол ашыла бастады да, оң жағымнан ұстап алды (үзілістен кейін). Сосын мені нокдаун жіберді. Мен орнымнан тұрып, әрі қарай жалғастыруға кіркенімде, жаттықтырушыларым басқаша шешті. Мен сол кезде қатты ашуланған болатынмын.

– Осыдан кейін ашылмайтын шығарсыз? – Мен тырысамын. Бірақ үнемі былай болмайды. – Серік Сәпиев айтқандай, ең ауыр жіберілген соққыдан кейін, көз алдыңда аппақ үлдір пайда болады. Бірақ бәрі өтті ғой. – Мен ол кезде түсінбей қалдым, еденде не істеп жатырмын. Онда қалай түскенімді білмей қалдым. – Ержан Мұсафиров неге мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніне қуанышын түсіндірді: «Бұл кросстың орнына 10 шм жүгірген сияқтысың». – Жедел жеңу қашанда жағымды, өйткені күшіңді сақтап қаласың, қарсыластарға ашылып қалмайсың, кейбір, мүмкіншіліктеріңді жекпе жекке қалдырасың. Кейде ертерек болған жеңіс те зиянды. – Неге? – Бұл тез болған жеңіске көп күш жұмсауға да болмайды және тыныстай алмайсың. Сондықтан барлығына түсіністікпен қарау керек. Жеңістің өзіне де. – Сіз қазір 69 кг салмақта жекпе жекке шығасыз. Бұрын 64 кг дейінгі салмақ категориясында көп нәрседен бас тартуға тура келетін. – Иә. Диетаға да отыруға болады, суды да шектеу қажет. Сондықтан да су жиі түсіме кіреді. Бірақ жарыстан кейін мен бәрін жеймін: майлы тамақты да, тәттіні де. Бірақ өзімді жіберіп алмауға тырысамын. Егер 3 кг артыұ салмақ қоссаң, өзіңе қиын соғады. Сондықтан да норма бар: 1,5 кг артық салмақ қосуға болмайды. «НАҒЫЗ ҮЛКЕН МАРАПАТ – ҚҰРМЕТ ТҰҒЫРЫНДА ТҰРҒАНЫҢ» – Сіз бокста көп жылдан бері жүрсіз. Бітпейтін жиын-жарыстардан шаршаған жоқсыз ба?

– Жиындар зеріктірмейді деп айтсам өтірік айтқан болар едім. Қатты шаршаған кездер болады. Демалуға да болады ғой! Сосын қайта жұмысқа кірісуге болады. Ең жоғарғы баспалдаққа шығуға болады. Олай болмаса да болады! Айрықша әсер ететін сәт, ақтық айқаста төреші сенің қолыңды көтерген кез болып табылады. Ерекше күйде боласың: жеңіс сезімі, босаңсу, шаршау, бақыт. Оны сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Оны тек қана сезіну керек. – Серік Сапиев Олимпиаданың ақтық айқасынан кейін залда айқайлап жылапты. Сізде ондай ынтызарлық болмады ма? – Жоқ. Мен Серік сияқты ондай биікке көтерілген жоқпын. Маңызды жетістікке жетуге үмітім бар, білмеймін жеңіске жетсем қандай күйде боламын. Бірақ міндетті түрде бірдеңе ойлап табамын! – 69 кг салмақта 2012 жылдың олимпиада чемпионы кубалық Рониель Иглесиас Сотолонго шайқасады. – Мен бұл туралы білемін. Біздің салмақ категориямызда мықты боксшылар көп.

Сотолонго үздіктердің бірі. Ресейден де келген салмақты жігіттер бар: әлем чемпионатында Беспутин немесе Замковой айқасқа шығады.

– Қандай қарсылас мансабында сіз үшін ең қиын болды? – Сотолонго, оңай емес қарсылас. Бірақ ауыр айқас ресейлік Беспутинмен болды. Айтпақшы, қызық болды. Біз екі рет кездестік: Ресейде және Қазақстанда. Оның аумағында мен ұтылдым, өз жерімде жеңіске жеттім. Екеуміз де білеміз жеңіліс берген кезде бізді төрешілер бізді қысып жіберді (күлді). Мен онда нокдаундқа жіберіп, оны жеңгем болатынмын. –Кәсіби бокста категорияға қарамастан үздік боксшының рейтингі бар. Осындайды кәсіби бокста көріп, кімді бірінші орынға қоясыз? – Егер де Серік Сәпиев спортта қалса, соны қояр едім. Ломаченконы екі позицияға қоямын, бірақ ол кәсіпқой боксшы. Неге екінші дейсіз ғой? Өйткені Лондонда Баркер Кубогін Серікке тапсырды. Сондықтан ол – ең үздік. – Сапиев Олимпиададан кейін спортта қалды деп есептейік. Сонда ... – 69 кг салмақта бірнеше мықты боксшы болар еді. Олардың бірі – олимпиада чемпионы (күледі). Сонда Алматыдағы әлем чемпионатында Серік те жекпе жекке шығатын еді. – Егер де сізге жарнамаға шығуға ұсыныс жасаса, онда ....

– Спортшы ретінде салауатты өмір сүруге арналған жарнаманы таңдар едім. Болмаса қандай да бір қажетті тағамды жарнамалайтын едім. – Мырзағали Айтжанов айтұандай, құраманың барлық бірінші нөмірлері АИБА – AIPB жаңа жобасында шайқасуға келісім бермеген. Оның ішінде сіз де барсыз. – Иә. Өйткені мен стилім бойынша бұл жобаға сәйкес келмеймін. Менің таңдауым – әуесқой бокс.

КҮШ, ТРЮКТЕР, ТОР – Сіздің кәсіби боксқа ауысуға ешқандай ықыласыңыз болған жоқ па? – Головкиннің ұрыстарын көрген кезде ауысқым келеді. Сондай деңгейге жетуге талпынамын. Бірақ бұл тақырыпта 2016 жылдан кейін ойланатын боламын. Бұл уақытқа дейін менің басқа да жоспарларым бар. Әсіресе, ұлттық құраманың құрамында болып, жарыстарға қатыссам дймін. Сондықтан үнемі өзіңді дұрыс қалыпта ұстау қажет және бәріне дайын болуың керек. – Жақында ғаламторда сіздің билеп жүрген бейнежазбаңыз жарияланған болатын. – Бұл бейнежазба 2011 жылы түсірілген. Менің досым түсіріпті. Сосын мен оны өзім әлеуметтік желіге жіберіп, кейін өшіріп тастаған болатынмын. Бірақ сол бейнежазбаны сақтап, содан кейін көбейткендер бар болып шықты. Мен бұған байсалды қарадым. Спортшылар жақсы қимылдап, билей де алулары керек. Яғни, бәрі дұрыс.

– Жекпе жекпен айналысқанға дейін, бал билерімен де айналысұан атақты боксшылар да бар. – Негізінде, бұл түсінікті. Би жақсы қимылдауға, икемді болуға мүмкіндік береді. Мысалға, UFC-тан Андерсон Сильва сияқты. Шындығында, ол соңғы рет қатты құлап, ұнамсыз болып қалды (Силваны америкалық Крис Вайдман накаудқа түсірді - Авт.) – Сіз ұрыс кезінде Рой Джонс жасағандай қолыңызды артыңызға қояр ма едіңіз? – Балалық шағымда рингте не істемедік! Атақты боксшылардың бейнежазбасын көріп, соны қайталайтын едім. Жас өсе келе және жіберілген соққылармен осындай трюктарды жасауға көңілің соқпайды. – Мен таң қалып тұрмын. Көптеген боксшылар Қазақстанда UFC-ті көреді. – Маған көрген қызықты. Джон Джонс қатты ұнайды, Дос Сантоста жақсы боксшы. Ал Сильва жеңілгеннен кейін ұнамай қалды. – Бізде де араластырылған жекпе-жек ережелері бойынша, тордың ішінде ұрыс өткізгіміз келді. Сіз қалай қарайсыз? – Жоқ-жоқ-жоқ. Бұл спорттың басқа түрі, ұятты болғым келмейді. Қолыңнан келетін және жақсы көретін спортпен айналысу қажет. Мен үшін бұл – бокс. Онымен мен көп нәрсеге қол жеткізгім келеді. Леонид Юрьев, "Мегаполис"

Жаңалық көзі: Oversport.kz


Просмотров: 2372
Әлем чемпионатының бас демеушілері






Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru