Мырзағали Айтжанов: «Алтын алқаға міндетті түрде күресеміз»
Мырзағали Айтжанов: «Алтын алқаға міндетті түрде күресеміз»
Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық командасы 2013 жылғы әлем біріншілігінде алдына қойған мақсатына жету үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Нәтижеге барлығы жауапты болса да, команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов - екі есе жауапкершілік алып отыр, құраманың тәлімгері өз қарамағындағыларға сеніммен қарайды.

Еліміздегі негізгі командамыздың тәлімгері Айтжанов өзінің аяғынан нық тұрған жетекші екенін танытты. Үстіміздегі жылғы Азия біріншілігінде құрама жоғары атақтың марапатын алуда рекорд жасады. Әлем біріншілігі қарсаңында ұлттық құрамамыздың тәлімгерімен RING.KZ сайтының журналистері әңгімелесті.

— Мырзағали Құланұлы, әлем чемпионатына дайындықтың қорытынды сатысы қалай өтуде?

— Арнайы дайындықтың соңғы сатысын біз Новоалексеевкадағы олимпиадалық базада өткіздік, мұнда бізбен Әзірбайжанның, Куба мен Ирландияның боксшылары бірлескен жиынға қатысуда. Осы оқыту-жаттықтыру жиынында техникалық-тактикалық және жылдамдықты-күш сынау дайындығына ерекше көңіл бөлеміз. Олимпиадалық базаға дейін, оқыту-жаттықтыру жиынын «Ақ-Бұлақ» ССК-де өткіздік, мұнда жігіттер белгіленген жұмыстарының бәрін орындап, өздерінің атқарымдық мүмкіндіктерін нығайтты. Өте үлкен жұмыс атқарған ғылыми-кешенді топ та жақсы еңбектенді. Олардың талдауы көрсеткендей жігіттердің жағдайы мінсіз. Командамызбен шұғылданған жеріміздің жағдайы да жақсы болды. Бұл үшін мен Қазақстан бокс федерациясы мен Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне үлкен алғысымды айтамын. Біз барлық жоспарланған оқыту-жаттықтыру жиынын өткіздік, жігіттер белгіленген барлық жарыстарға қатысты, еш жерде олқылықтар мен тәртіп бұзушылықтар болған жоқ. Әлем біріншілігіне команда арнайы дене дайындығынан барлығы екі жиыннан өтті, біреуі жалпы дене дайындығынан және бесеуі оқыту-жаттықтыру дайындығынан, мұнда техникалық-тактикалық дайындыққа көп көңіл бөлінді. Сонымен бірге, ұжым Түркиядағы сауықтыру жиынына қатысты. Бірлескен дайындықтарда біз әлемнің жетекші командаларымен бірге жұмыс істедік. Осы жылы құрама мүшелері ондаған халықаралық жарыстарға, Азия чемпионатына және жазғы универсиадаға қатысты. Команданың әрбір бірінші нөмірінде үш жарысқа дейін болды. Жігіттер әлем біріншілігіне жүз пайыз дайын десем болады. Біздің еліміз чемпионатқа дайындық барысында өте үлкен жұмыс көлемін атқарды. Олар өзімізге түскен жауапкершілікті жоғары сезінеді. Әлем чемпионаты Қазақстанда бірінші рет өткізілмекші, бұл бізге маңызды оқиға. 2013 жылы қазақстан боксы өзінің 80 жылдығын атап өтеді, осы мерейтойға жақсы сый жасау үшін, барлық қолдан келетін мүмкіндіктерімізді жасаймыз. — Әлем чемпионатына Лондондағы олимпиада чемпиондарынан кім қатысады? — Лондон олимпиадасында жеңіске жеткендер, немесе кәсіби боксқа ауысқандар, болмаса мансабын аяқтағандар арасынан көптеген спортшылар бар. Менің білуімше, Цзоу Шимин, Риото Мурата, Василий Ломаченко, Александр Усик, Энтони Джошуа профи-рингке шығуы мүмкін. Сонымен бірге кәсіпқойлыққа Егор Мехонцев ауысуды жоспарлап жүр.

Солай болса да, жанкүйерлер әлемнің басты стартының жеңімпаздардың айқасын Алматыда көре алады. Куба құрамасының құрамына олимпиада чемпиондары Робейси Рамирес пен Росниель Саталонго келді. Олар, қазіргі кезде аса ауыр салмақта күреседі. — Алғаш рет сегіз жылда еліміздің басты командасының капитаны және көп жыл жұмыс істеген жетекшісі Серік Сапиев болмайды. Сіздің жеке өзіңізге командада осындай үздік боксшының орны бөлек шығар? — Әрине. Серіктің жаттықтыру процесіне қарым-қатынасы, оның жан-тәнімен жұмыс істеуі бағалауды қажет етеді. Сәпиев көптеген боксшыларға үлгі болады. Ол кқптеген жылдар бойына өте жоғары дәрежеде айқасты және де кәсіби бокста барлық мүмкін болатын атақты – Азия және әлем чемпионын, Азия және Олимпиада ойындарының чемпионын алды, және де Лондонда өткен Олимпиада да ең үздік боксшы атанды. Серіктің осы жылы спорттан ЮНЕСКО-ң елшісі болуы кездейсоқ емес. — Команданың әрбір мүшесіне сипаттама беріп кетсеңіз. — Біржан Жақыпов (49 кг) — өте еңбекқұмар, өз ісіне берілген боксшы, ол екі олимпиада кезеңінде командада бірніші нөмірлі болып келеді. Пекинде және Лондонда өткен Олимпиадаларда Біржан медальға жақындап барды. Оның бай тәжірибесі Алматыдағы табысты қимылға ісер етуі тиіс. Жақыповқа қарапайым спорттың сәті келмей тұр. Әлем чемпионатында Біржанға сәттілік серік болатынына сенеміз және ола жоғары сынамалы марапатты жеңіп алады. Иляс Сүлейменов (52 кг) өз қарсыластары үшін жайсыз боксшы саналады, өйткені оның техникасы мен тактикасы, жоғары жылдамдығы әртүрлі. Бұл оған жақсы қасиет болып табылады. Қайрат Ералиев (56 кг) — өте техникасы жоғары боксшы. Ералиев сәтті жеребе тастау кезінде жоғары нәтиже көрсете алады. Ол қазақстандық бокс мектебінің нағыз жарқын өкілі – шабуылшы, жасампаз әрекеттерді көп жасаушы. Берік Әбдірахманов (60 кг), әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына өатысып көрмесе де, үлкен мүмкіндігі бар боксшы. Берікте жақсы қасиеттер өте көп, сонымен бірге психолгиялық орнықтылықта бар. Мерей Ақшалов (64 кг) — нағыз еңбекқор. Ақшаловтың мақсаттылығы таңқалдырады. Ол айқаста қарсыласына тыныштық бермейді: оларға берілген қарқынға кез келген шыдай бермейді. Жалпы Мерей жеңіс үшін жанын салады. Данияр Елеусінов (69 кг) ерекше айтуды қажет етпейді, оның мүмкіндіктері бәріне белгілі. Данияр техникалық жағынан нақты бокс көрсете алады. 69 кг салмақ категориясында біздің елімізде әсіресе бәсекелес болады. Елеусінов жаңа салмақта өзін Иорданиядағы Азия чемпионатында жақсы қырынан көрсетті, енді Алматыда жеңіске жетпекші. Алла жазса, Данияр әлем чемпионатының «алтынына» ғана емес, 2016 жылы өтетін Олимпиада да күресетін болады. Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) — бірегей боксшы, екі қолымен де бірдей соға алады, жақын және орташа, сондай-ақ алыс арақашықтықта да, керемет жұмыс істейді. Жәнібек айқастың қалай өтуін бақылап, бірінші нөмірде болсын немесе алға қарай қозғалыс жасасын, қимылын өзгертіп отырады.

Әрине, бірден бір үміт күткен бокшымыз да бар ол – Әділбек Ниязымбетов (81 кг), әлемдік деңгейдегі боксшы. Ниязымбетов әлем чемпионаттарына және Олимпиада

ойындарына қатысып жүрген тәжірибелі боксшы. Енді Әділбектің «күмісті» «алтынға» алмастыратын уақыты жетті деп ойлаймын, өз жерінде, сүйікті жанкүйерлеріне де ұнайтыны сөзсіз. Антона Пинчуктің (91 кг дейін) маңызды халықаралық жарыстарға қатысқан тәжірибесі жоқ, өзінің зор ынтасының және қайратты мінезінің арқасында үлкен жетістіктерге жетері анық. Әлем чемпионатында табысқа жетеді деп үміттенеміз. Ең соңғы Иван Дычко (91 кг жоғары). Ол тәжірибелі сарбаз, барлық жарыстарда награда үшін айқасады. Өзінің жастығына қарамастан, Дычко бесжыл бойына ауыр салмақта құраманың бірінші нөмірін алып жүр. Ваня ауыр салмақты болса да, ол шаршы алаңда жеңіл қимылдайды және техникасы мен тактикасы өте жақсы қойылған. — Өткен әлем чемпионатында Украинаның командасы үздік болды. Сіздің ойыңызша, олар біздің еліміздегі әлем чемпионатында бірінші орынды иеленеді ма?

— Бокс Украинада жақсы жолға қойылған, бірақ әрбір ірі жарыстарда бірінші орынға шыға беретін жағдайда емес. Украинаның командасында жарқын жетекшілер — Василий Ломаченко и Александр Усик бар. Қазір екі боксшы да кәсібиге көшті, осы боксшылардың арқасында Украина жақсы жетістіктерге жетті және айбарлы күш көрсетті.тБакуде көрсеткен нәтижесін (4 алтын, 1 күміс медаль) көрсетеді деп айта алмаймын. Менің ойымша, біздің басты қарсыластарымыз кубалықтар болады, оалр әлем біріншілігінің жалпы есебінде жетекші болуға күреседі. Украина, Ресей, Италия, Ирландия, Монғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Филиппин, Бразилия, Мексика, АҚШ, Үндістан мен Қытайдың құрамында жоғары деңгейдегі наградаға күрсетін бірнеше боксшы бар. Барлық жоғарда аталған командаларда екі-үштен жоғары деңгейді көрсететін боксшылар кездеседі. — Сіздің өзіңізге Алматыда өтетін әлем чемпионаты Қазақстан құрамасының тәлімгері ретінде екінші рет өтпекші. Екі жыл бұрын Бакуде сіздің қамқорлығыңыздағы боксшылар төрт медальға – 2 «күміс» және 2 «қолаға» ие болды. Ендігі жерде «алтын» алатын кез келді, өалай ойлайсыз? — Біз мәндетті түрде жоғары дейгейлі награда үшін күресетін боламыз. Соңғы екі әлем чемпионатында Қазақстанның құрамасы алтын медальсыз қалды, Алматыда біз алдымызға қойған міндеттерімізді орындаймыз және екі «алтын» алсақ деп үміттенеміз. Спортта алдын ала айту қиын, ойлаған ойыңды бірден іске асыра алмайсың. Ойда жоқта тосын сый жасауға да болады. Ұлттық құраманың әрбір мүшесі табысқа үміт артып отыр. Әрине, біріншіден жақсы дайындық пен психологиялық орнықтылық қажет, бірақ спортта маңызды рөл атқаратын, сәттілікті де ұмытпау қажет. — Соңғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль алудан рекорд жасады – жоғары наградадан жетеу. Әлем біріншілігінде де біздің командамыз осындай жетістікке жетеді деп үміттенсек бола ма? — Рекордтар туралы ойланбадық. Ең бастысы, аяқ асты болатын жарақаттар сияқты күтпеген оқиға болмаса екен. Біздің жаттықтырушылар кеңесіміз әлем чемпионатының мерзімінде боксшлардың қалыпты жағдйына көңіл бөледі. Біз үшін командамыздың дұрыс жұмыс істегені қажет, біздің жігіттер жоғары награда алған сайын, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлары анық.

Ақпарат көзі: oversport.kz


Просмотров: 3514
Әлем чемпионатының бас демеушілері






Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru